
Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және білім саласының қызметкерлері!
Сіздерді 1 Қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміз үшін ерекше маңызы бар, жас ұрпақтың келешекке қадам басатын, жаңа білімге, жаңа биіктерге ұмтылатын сәті. Білім – кез келген қоғамның даму негізі, өсіп-өркендеудің басты тірегі. Ел болашағы – сапалы білім алған, саналы, жауапты азаматтардың қолында.
Ұстаздар қауымының тынымсыз еңбегі мен шәкіртке деген жанашырлық көзқарасы – біздің ортақ келешегімізге жасалған зор үлес. Оқушыларымызға – алға қойған мақсаттарына жетуге табандылық пен жігер, ата-аналарға – бала тәрбиесіндегі төзім мен қолдау үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңа оқу жылы еліміздегі барлық білім беру ұйымдары үшін жемісті, табысты және сәтті болсын! Жас ұрпақтың жүрегіне білім мен тәрбие дәнін себетін барша ұстаздарымызға зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.