Құрметті жерлестер!
Сіздерді адамзат баласын татулық пен имандылыққа, мейірімділік пен жанашырлыққа үндейтін ұлық мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт — барша мұсылман қауымы үшін ерекше рухани маңызға ие күн. Бұл мереке сабыр мен шүкірдің, кеңпейілділік пен қайырымдылықтың көрінісі. Осындай қасиетті күндерде халқымыз ынтымақ пен бірлікті, бауырмалдық пен өзара қолдауды ерекше сезінеді.
Құрбан айтта жасалған әрбір игі іс, көрсетілген қайырымдылық пен жүрекжарды ниет еліміздің рухани дамуына, қоғамның ауызбіршілігі мен тұрақтылығына өз үлесін қосары сөзсіз.
Осы айтулы мерекеде әр отбасының шаңырағы шаттыққа толсын, тілеген дұғаларыңыз қабыл, ниеттеріңіз ізгі болсын!
Құрбан айт құтты болсын!