2025 жылғы 12 мамырда Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында мәслихат төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен мәслихаттың кезектен тыс 30-шы сессиясы өтті.
Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.
Сессия жұмысына аудан әкімі А.Б. Бектасов, мәслихат депутаттары, аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.С. Молдағалиев, ауылдық округ әкімдері, Қоғамдық кеңестің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
2025 жылғы 15 наурызда бекітілген және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Бюджет кодексіне сәйкес, депутаттар тұрақты комиссияның отырысында алдын ала қарастырды және мәслихат сессиясында 13 ауылдық округтің бюджетін бекітті.