«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2025 жылғы 05 мамыр күні сағат 15.00 Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;
- 2. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- 3. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;
- Әр түрлі.
Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2025 жылғы 05 мамырда сағат 12.00-де өтеді.