2025ж. 18.04. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

2025ж. 18.04. Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы

2025 жылғы 18 сәуірде Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В.Топорова қатысты.

Тұрақты комиссиялар мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды:

 

  1. СолтүстікҚазақстаноблысы Жамбыл ауданы мәслихатының жиырма сегізінші кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.

 

  1. «СолтүстікҚазақстаноблысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.

 

  1. «Жергіліктібюджеттенқаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 25/14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Майбалық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Мария Алексеевна Шабанова хабарлады.

 

  1. СолтүстікҚазақстаноблысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының басшысы Гүлбаршын Қамзақызы Жаңбыршина хабарлады.

 

  1. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының  2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне  өзгерістер енгізу туралы.

Жамбыл аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Оксана Викторовна Дурнова хабарлады.

 

Нәтижесінде барлық қаралған мәселелер Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.