27 кезекті сессия

27 кезекті сессия

2025 жылғы 31 наурызда мәслихат төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен жиырма 27 кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары А.Қ. Шайменова, ауылдық округтердің әкімдері, аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.

Сессияда депутаттар «2024 жылы атқарылған жұмыстар және халықтың аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау әдістерін жетілдіру туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысының ақпаратын талқылады және бекітті.

Сонымен қатар, депутаттар жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Архангелка, Казанка және Первомай ауылдық округтері әкімінің аппараттарының жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгіледі.

Бұл шешімдерді қабылдамас бұрын жобалар міндетті түрде талқылау және келісу кезеңдерінен өтті. Яғни, бұл көтермелеу үстемеақылары ашық нормативтік құқықтық актілер порталында талқылану үшін жарияланды, жергілікті қоғамдастық жиналысында қарастырылды, мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында талқыланды. 

  Әрі қарай кадрлық өзгерістерге байланысты кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамына және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізілді.