Ұлттық спорт күні

Ұлттық спорт күні

Наурызнама онкүндігі аясында 20 наурыз – «Ұлттық спорт күні» ретінде белгіленген. Бұл мейрам халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойындарын дәріптеуге, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға және жас ұрпақты ата-баба мұрасын құрметтеуге шақыруға арналған.

Қазақ халқының ұлттық спорт түрлері – тек ойын-сауық қана емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты оятатын, ептілік пен батылдықты талап ететін өнер. Ата-бабаларымыз көшпелі өмір салтында өзін-өзі қорғау мен аңшылыққа дайын болу үшін түрлі спорттық ойындармен айналысқан. Бүгінде бұл ойындар ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлігіне айналды.

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің ішінде көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ату, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жамбы ату, аударыспақ сынды ойындар ерекше орын алады.