Тұрақты комиисиялардың бірлескен отырысы

Тұрақты комиисиялардың бірлескен отырысы

2026 жылғы 3 маусымда экономика салалары, экология, бюджет, салықтар және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Б. Бекенованың төрағалығымен Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В.Топорова қатысты.

Тұрақты комиссиялар мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды:

2025 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетінің орындалуы туралы есебін бекіту туралы.

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының  2023 жылғы 27 желтоқсандағы  № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

«Жамбыл ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Жамбыл ауданы мәслихатының  2023 жылғы 17 қантардағы № 24/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.

Нәтижесінде барлық қаралған мәселелер Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.