Кезекті 42 сессия

Кезекті 42 сессия

2025 жылғы 3 маусымда Жамбыл аудан мәслихатының отырыс залында аудан мәслихатының төрайымы Л.В.Топорованың төрағалығымен мәслихаттың кезекті 42 сессиясы өтті.

Депутаттардың кворумы сессия жұмысын бастауға мүмкіндік берді. Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Сейдешұлы Молдағалиев, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Қабдешұлы Тұрсынов ( Zoom арқылы),   ауылдық округтердің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында 2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәселе алдын ала қаралып, 13 ауылдық округтің 2025 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есептері ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиындарында келісіліп, мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

2025 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы бірінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова хабарлады.

Жамбыл ауданының 2025 жылғы жергілікті бюджеттерінің орындалуы туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі бойынша ақпаратты Тексеру комиссиясының мүшесі Т.Қ.Тұрсынов, сондай-ақ мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Ж.Б. Бекенова сөз сөйледі.

Әрі қарай аудан мәслихатының Регламентіне сәйкес әрбір жобаға жеке дауыс бере отырып, депутаттар 13 ауылдық округтің 2025 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін қарастырды және бекітті. 

Сонымен қатар депутаттар Жамбыл ауданының аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекітті, кадрлық өзгерістерге байланысты  учаскелік және округтік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер  енгізді және үшінші тоқсанға Жамбыл ауданы мәслихаты кезекті сессиясының күн тәртібін бекітті.

Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.