Қоғамдық кеңестің кезекті отрысы

Қоғамдық кеңестің кезекті отрысы

Ағымдағы жылдың 26 мамырында Қоғамдық кеңестің төрағасы Равиль Сиреньевич Садыков төрағалығымен Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Жамбыл ауданы мәслихатының төрағасы Лариса Викторовна Топорова, Қоғамдық кеңес мүшелері және Жамбыл ауданы экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Наталья Георгиевна Степанова қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – Жамбыл ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы есепті қарау болды. Отырыс барысында аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуы, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, әлеуметтік саланы қолдауға және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыру туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған есепті белсенді түрде талқылап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, бюджеттік үдерістің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ауданның одан әрі дамуына бағытталған бірқатар ұсыныстарын білдірді.

Қаралған мәселе бойынша Қоғамдық кеңес бюджет қаражатын тиімді әрі ұтымды пайдалану жұмыстарын жалғастыруды, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды күшейтуді, жоспарланған іс-шаралардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуді және аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларға ерекше назар аударуды ұсынды.

Ашық диалог пен мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының сындарлы өзара іс-қимылы маңызды шешімдер қабылдаудың және ауданның тұрақты дамуының берік негізі болып табылады.