Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 11.00 Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.
Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:
- 1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 14/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 14/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік рәміздер жөніндегі аудандық комиссияның құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 31 қаңтардағы № 14/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 23/23 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Әр түрлі.
Жамбыл ауданы мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 10.00 өтеді.