
Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы
Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өтті.
Отырыс экономика салалары, экология, бюджет, салықтар және қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Б. Бекенованың төрағалығымен, аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың қатысуымен өтті.
Отырыс барысында Жамбыл ауданында әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына, оның мөлшерін белгілеуге және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындауға өзгерістер енгізу мәселесі қаралды.
Аталған мәселе бойынша аудан жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.С. Смайылов баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша қаралған шешім жобасы мәслихат сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.