Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Жамбыл ауданы маслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

 

2026 жылғы 27 наурызда Пресновка ауылында Жамбыл ауданы маслихатының мәжіліс залында маслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Акимнің сайлау алдындағы бағдарламасының орындалуы және Пресновка ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мәселелер мен шешу жолдарын талқылау.
  2. Жамбыл ауданы маслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы №16/4 «Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі» шешіміне өзгерістер енгізу.
  3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйым қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына ынталандырушы үстемақылар белгілеу.
  4. Жамбыл ауданының 13 ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу.
  5. Жамбыл ауданы маслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11/2 «Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерін сайлау» шешіміне өзгерістер енгізу.
  6. Маслихаттың келесі сессиясының күн тәртібін бекіту.

Отырыс конструктивті түрде өтті, депутаттар ауданның дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылап, әрі қарайғы жұмысқа ұсыныстар жасады.