
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді
Ағымдағы жылдың 3 ақпанында мәслихат аппаратының басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Г.Қ. Жаңбыршина Жамбыл ауданы мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша кезекті жоспарлы іс-шара өткізді.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, оның ішінде құмар ойындарға қатысу мәселелері түсіндірілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қағидаттары мен стандарттарын нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алу болды.