Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ауданның білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ауданның білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесулер өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ауданның білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесулер өткізді

Алдағы республикалық референдумға байланысты Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманда еліміздің одан әрі дамуы үшін конституциялық реформалардың маңыздылығын бірнеше рет атап өтті. Бұл өзгерістер мемлекеттілікті нығайтуға, демократиялық институттарды дамытуға және тұрақты өсуді қамтамасыз етуге бағытталған.

Референдумға дайындық аясында Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты депутаттары өңірлерге барып, тұрғындармен кездесулер өткізуде. Кездесулер барысында ұсынылып отырған түзетулердің мәні түсіндіріліп, азаматтардың сұрақтарына жауап берілуде. Осындай маңызды мәселе бойынша бүкілхалықтық дауыс беру – әрбір азаматтың пікірі ескерілетін «Мемлекет тындау» тұжырымдамасының нақты көрінісі.

24 ақпанда ауданымызға Сенат депутаттары – Ольга Валентиновна Перепечина мен Әсем Қалашбайқызы Рахметова жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында білім беру және денсаулық сақтау салаларының өкілдерімен кездесулер өтіп, алдағы өзгерістердің маңызы мен ел дамуына әсері талқыланды.

Кездесулерге сондай-ақ аудан мәслихатының төрайымы Лариса Викторовна Топорова және «AMANAT» Партиясы аудандық филиалының төрағасы Владимир Ильич Волков қатысты.

Барша аудан тұрғындарын азаматтық белсенділік танытып, республикалық референдумға қатысуға шақырамыз. Әркім саналы әрі жауапты шешім қабылдауы маңызды, өйткені еліміздің болашағы – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.

Біз – тұрақтылықты, дамуды және қуатты Қазақстанды таңдаймыз!