2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 38-ші кезектен тыс сессиясы өтті.

2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 38-ші кезектен тыс сессиясы өтті.

2026 жылғы 18 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 38-ші кезектен тыс сессиясы өтті.

 

Сессия аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен өтті. Оған аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Б.С. Молдағалиев, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Сессия барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесі бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова баяндама жасады. Сонымен қатар 2026 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі қаралды.

Әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу, оның мөлшерін белгілеу және ауданның жекелеген мұқтаж азаматтар санатын айқындау туралы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д.С. Смайылов баяндады.

Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Қ. Болтаев Жамбыл ауданы бойынша 2026-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын, сондай-ақ жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру және ауданның елді мекендерінің жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекіту жөніндегі ұсыныстарды депутаттардың қарауына ұсынды.

Сонымен қатар мәслихат аппаратының басшысы Г.Қ. Жаңбыршина аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулылары және саяси партиялар ұсынған кандидатуралар негізінде ауданның он учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізу туралы депутаттарды хабардар етті. Тиісті шешім жобасы бекітуге ұсынылды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.