Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

 

2026 жылғы 18 ақпанда Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Б. Бекенованың төрағалығымен, аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың қатысуымен өтті.

Күн тәртібі аясында депутаттар 2026 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау мәселесін, сондай-ақ 2026 жылы денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен салаларының мамандарына, сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарады.

Аталған мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ. Қожанова баяндама жасады. Баяндамада бюджетке енгізілетін жоспарланған өзгерістер, қарастырылған қаражат көлемі және мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тетіктері жан-жақты таныстырылды. Қабылданатын шаралар ауылдық жерлерге білікті кадрларды тартуға және оларды тұрақтандыруға, халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға, ауданның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталғаны атап өтілді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар нақтылау сұрақтарын қойып, ұсыныстар енгізді және ұсынылған өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар бюджет қаражатын уақтылы әрі тиімді игеру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ депутаттар 2026 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау мәселесі бойынша ауылдық округ әкімдерін тыңдады. Жан-жақты қарау нәтижесінде ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын пысықтауға жіберу ұсынылды.

Аудан азаматтарының жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмекті тағайындау қағидаларына өзгерістер енгізу, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Д. Смайылов баяндама жасады.

Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б. Болтаев депутаттарға 2026-2030 жылдарға арналған Жамбыл ауданы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын, сондай-ақ жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру және елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобасын бекіту мәселелерін ұсынды.

Отырыстың соңында мәслихат аппаратының басшысы Г. Жаңбыршина аудандық аумақтық сайлау комиссиясының қаулысы және саяси партиялардың ұсынған кандидатуралары негізінде ауданның он учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілгені туралы депутаттарды хабардар етті.

Қаралған мәселелер бойынша жұмыс тиісті мәслихат шешімдерін дайындау аясында жалғасын табатын болады.