Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

Жамбыл ауданы мәслихаты депутаттарының назарына!

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және       өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес, 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 12.00-де Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы шақырылатынын хабарлаймыз. Сіздерді сессия жұмысына қатысуға шақырамыз.

 

Сессияның қарауына келесі мәселелер енгізіледі:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін және ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы.
  2. 2026 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау ұсыну туралы.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Әр түрлі.

 

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 10:00-да өтеді.