Мәслихат аппаратының жанындағы жұмыс кеңесі өтті

Мәслихат аппаратының жанындағы жұмыс кеңесі өтті

Мәслихат аппаратының жанындағы жұмыс кеңесі өтті

 «2026 жылға арналған Жамбыл ауданының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу туралы» аудан мәслихаты шешімінің жобасын дайындау мәселесі бойынша мәслихат аппаратының жанындағы жұмыс кеңесі өтті.

Жұмыс кеңесіне Жамбыл аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, мәслихат аппаратының басшысы К.Қ. Жаңбыршина, заңгер - бас маман Г.Қ. Молдағалиева, Қоғамдық кеңестің хатшысы К.Қ. Наушәріпова, сондай-ақ әзірлеуші органның өкілі – Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Б.Қ. Болтаев қатысты.

Кеңес барысында жер учаскелерінің тізбесін қалыптастыру, оларды беру тәртібі, сондай-ақ шешім жобасының қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігі мәселелері қаралды. Қатысушылар өзара пікір алмасып, шешім жобасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарын білдірді.

Кеңес қорытындысы бойынша айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, шешім жобасын одан әрі пысықтау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.