Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өтті

Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өтті

Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің отырыстары өтті

 Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.С.Садыковтың төрағалығымен кезекті отырыстар өтті.

Жамбыл ауданы Қоғамдық кеңесінің жұмысына: аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат төрайымы Л.В. Топорова, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Аубакирова, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының бас маманы Светлана Степановна Климова, мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Отырыстарда келесі негізгі мәселелер қаралды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2025 жылдағы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы туралы.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.

Қоғамдық кеңес мүшелері баяндамашыға мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта көрсету барысында туындап отырған мәселелер, бас тарту себептері және басқа да сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Әсел Оралтайқызы Аубакирова Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қатысты ескертулердің жоқ екенін атап өтті, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін айтты.

  1. 2026-2030 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының даму жоспарын бекіту туралы.

Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Абайқызы Қожанова хабарлады.

  1. 2026 жылға арналған Жамбыл ауданының шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін келісу туралы.

Жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Борисұлы Ғабдуллин хабарлады.

Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан тиісті ұсынымдар берілді.