Жамбыл ауданы мәслихатыны 37 кезекті сессия өтті

Жамбыл ауданы мәслихатыны 37 кезекті сессия өтті

Жамбыл ауданы мәслихатыны 37 кезекті сессия өтті

 

2025 жылғы 26 желтоқсанда Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен Жамбыл ауданы мәслихатының 37-ші кезекті сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов, аудан әкімінің орынбасары Б.С. Молдағалиев, ауылдық округтердің әкімдері, аудан мәслихатының депутаттары, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова 2026-2030 жылдарға арналған Жамбыл ауданының даму жоспарын бекіту туралы баяндама жасады. Талқылау қорытындысы бойынша ауданның даму жоспары бекітілді.

Бұдан кейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында алдын ала жан-жақты қаралған мәселелерді ескере отырып, депутаттар Жамбыл ауданының 13 ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекітті.

Сондай-ақ сессия барысында мәслихаттың келесі кезекті сессиясының күн тәртібі бекітілді.

Сессия соңында Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов отырысқа қатысушыларды және ауданның еңбек ұжымдарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ауданның дамуына бағытталған жоспарларды іске асыру жолында көрсеткен қолдауы мен бірлескен жұмысы үшін депутаттарға алғысын білдірді.