Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті

Бүгін 2025 жылғы 26 желтоқсанында Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысты Халық денсаулығын сақтау, оны әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет және жастар істері мәселелері бойынша тұрақты комиссияның төрайымы Наталья Чижма жүргізді. Отырысқа Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Топорова қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ауданның экономика және қаржы бөлімі басшысы Ғалия Қожанова сөз сөйлеп, 2026-2030 жылдарға арналған Жамбыл ауданының даму жоспарын таныстырды. Отырыста мәселелер жан-жақты талқыланып, депутаттардың барлық сұрақтарына толық әрі нақты жауаптар берілді. Қарау қорытындысы бойынша Аудан даму жоспары мақұлданды.

Әр қарай бойынша депутаттар 2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтер бюджеттерін бекіту мәселері бойынша 13 ауылдық округ әкімдерін сөз тындады.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар мәслихаттың барлық шешім жобаларын Жамбыл ауданы мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізуді ұсынды.