36 кезекті сессия
2025 жылғы 22 желтоқсанда Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен 36 кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі А.Б. Бектасов, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, Қоғамдық кеңестің төрағасы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес 2025 жылғы өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы мен 2026 жылға перспективалық жоспарлары туралы ауданның депутаттық корпусы алдында аудан әкімі мәлімдеді.
Аудан әкімі өз баяндамасында жалпы өңірлік өнімнің төрттен бір бөлігін құрайтын ауданның, сондай-ақ жалпы облыстың негізгі саласы – ауыл шаруашылығы екенін айта келе, ауданның агроөнеркәсіп кешені, жол саласына, сумен қамтамасыз ету, абаттандыру және аудан қызметінің басқа да аспектілері.кеңінен тоқталды.
Аудан әкімі есебін тыңдап, мәслихат депутаты Ө.Ә. Әбиев ауданда ауқымды жұмыстар атқарылғанын, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын жоғары көрсеткіштер бар екенін атап өтті.
Аудан әкімінің есебін мәслихат депутаттары бірауыздан мақұлдап, мәліметке алды.
Келесі кезекте депутаттар экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова ұсынған 2026-2028 жылдарға арналған аудан бюджетін тыңдады. Осы бюджет Қоғамдық кеңестің мүшелерімен және тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында депутаттармен алдын-ала қарастырылды. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет бекітілді.
Кадрлық өзгерістерге байланысты округтік және учаскелік сайлау комиссияларына өзгерістер енгізді.
2025 жылы мәслихатының негізгі мәселелердің тізбесін, мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санын, мәслихаттың кезекті сессиясының күн тәртібін бекітті.