Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Қоғамдық кеңес төралқасының мүшесі Г.Қ. Жаңбыршинаның төрағалығымен кезекті отырыс өтті, онда келесі мәселелер қаралды, талқыланды және ұсынымдар берілді: «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі» «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 16/4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы».

Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына аудандық бөлім басшылары Д.С. Смайылов пен Ғ.А. Қожанова толық жауап берді.

Отырысқа Преснов ауылдық округінің әкімі Қ.С. Сансызбаев шақырылды, оған Пресновка ауылын абаттандыру бойынша бірқатар сұрақтар қойылды.