
Ағымдағы жылғы 12 қарашада мәслихаттың отырыс залында тұрақты комисссияның төрағасы В.И. Волковтың төрағалығымен депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы С.Қ. Смайылов, № 11 өрт сөндіру бөлімі бастығының м.а. С.С. Хамзин, аудан әкімі аппаратының ТЖ жөніндегі бас маманы Т.А. Ойратов, «Жамбыл Су» ЖШС еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері М.Қ. Жолмұханов, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының м.а. В.С.Сарина, бухгалтерлік есеп және есептілік секторының меңгерушісі В.Н. Казанцева қатысты.
Тұрақты комиссия мүшелері келесі мәселелерді қарады:
Комиссия мүшелері аудан аумағындағы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің қазіргі жағдайын, жүргізілген түгендеу нәтижелерін талқылап, бар проблемаларды анықтап, оларды шешу бойынша ұсыныстар айтты.
Талқылау қорытындысы бойынша уәкілетті ұйымдар мен жауапты қызметтерге өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесінің тиімділігін арттыру және аудан тұрғындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті ұсынымдар берілді.
Сонымен қатар, уәкілетті органдардың өкілдері комиссия мүшелеріне әлеуметтік жәрдемақыларды есептеу және төлеудің қолданыстағы тәртібі туралы ақпарат берді. Комиссия мүшелері азаматтарды әлеуметтік төлемдермен уақытылы және толық қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, туындаған мәселелерді талқылады және әлеуметтік жәрдемақыларды есепке алу мен төлеу тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар берді.