Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Жамбыл ауданы мәслихатының кезектен тыс сессиясы

Осы жылдың 6 қарашасында Жамбыл ауданы мәслихатының мәжіліс залында мәслихат төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен Жамбыл ауданы мәслихатының отыз үшінші кезектен тыс сессиясы өтті.

 

Депутаттардың кворумы сессия жұмысының басталуына мүмкіндік берді. Отырыстың барысы Facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

 

Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов, аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, Благовещенка және Преснов ауылдық округтерінің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

 

Аудандық бюджетті нақтылау мәселесі алдын ала Қоғамдық кеңестің және мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралды. Благовещенка және Преснов ауылдық округтерінің бюджеттерін нақтылау мәселелері жергілікті қоғамдастық жиналыстарында келісіліп, мәслихаттың тұрақты комиссияларында талқыланды.

 

2025 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау және Жамбыл ауданының жергілікті бюджеті есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына белгіленген ынталандыру үстемақыларына өзгерістер енгізу туралы мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғ.А. Қожанова баяндама жасады.

 

2025 жылға арналған ауылдық округтердің бюджеттерін нақтылау бойынша депутаттар Благовещенка ауылдық округінің әкімі К.Е. Байбусинов мен Преснов ауылдық округінің әкімі Қ.С. Сансызбаев баяндамаларын тыңдады.

 

Кадрлық өзгерістерге байланысты депутаттар сайлау комиссиялары мен аудандық әкімдіктің терроризмге қарсы комиссиясы құрамына өзгерістер енгізуді бекітті.

 

Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.