
2025 жылғы 6 қараша күні мәслихаттың мәжіліс залында Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа экономика салалары, экология, бюджет, салықтар мен қаржы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы Ж.Б. Бекенова төрағалық етті. Іс-шараға аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова қатысты.
Отырыс барысында депутаттар мәслихаттың ұсынылған шешім жобаларын жан-жақты қарастырды.
2025 жылға арналған аудандық бюджетті нақтылау және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары үстемеақыларына өзгерістер енгізу мәселелері бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысы Ғ.А. Қожанова баяндама жасады.
Сондай-ақ Благовещенка және Преснов ауылдық округтерінің әкімдері Қ.Е. Байбусинов мен Қ.С. Сансызбаев 2025 жылға арналған ауылдық округтер бюджеттерін нақтылау туралы ақпарат берді.
Кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімі аппараты жанындағы сайлау комиссияларының және Терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссиялар шешім жобаларын аудан мәслихатының сессиясына бекітуге жіберу туралы қаулы қабылдады.