
Ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті, онда келесі мәселелер қаралды:
- Жер қатынастары бөлімінің 2025 жылдың 9 айындағы мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасы туралы Жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Борисұлы Ғабдуллин хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы және Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дархан Сәбитұлы Смайылов хабарлады.
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 23/2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы және «2025-2027 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 29/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы Жамбыл ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ғалия Абайқызы Қожанова хабарлады.
Қоғамдық кеңес мүшелерінің барлық қойылған сұрақтарына сөз сөйлеушілермен толық жауаптар берілді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша Қоғамдық кеңес мүшелері тиісті ұсыныстар берді.