Бүгін аудандық Мәдениет үйінде Қарттар күніне арналған жылы да жарқын мереке өтті. Жамбыл ауданының еңбек ардагерлері мен жұмысшы мамандықтарының өкілдері осы күннің басты қонақтары болды.
Бұл мереке – аға буынға еңбегі, өмірлік даналығы мен дәстүрге адалдығы үшін алғыс білдірудің ерекше мүмкіндігі.
Аудан әкімі Асқар Бектасов ауылдық округтердің ардагерлер кеңестерінің белсенді өкілдеріне Құрмет грамоталарын табыстады. Олар – бүкіл Жамбыл ауданы мақтан тұтатын азаматтар!
Аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік концерт ұйымдастырып, әуезді әндер мен көңілді билер арқылы қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Құрметті ардагерлер! Сіздердің аудан үшін жасаған еңбектеріңізге үлкен алғыс білдіреміз. Дендеріңізге саулық, амандық, баянды бақыт тілейміз!