Халықаралық қарттар күні біздің ұжым өкілдері жылы лебіздері мен шынайы құрметтерін білдіре отырып, Жамбыл ауданы мәслихатының бұрынғы қызметкерлерін –
Мұсабаев Балтабай Әбілұлын,
Тышкевич Галина Александровнаны,
Алмақанов Марат Жасұланұлын
құттықтап барды.
Біз ардагерлерімізге ізгі тілектерімізді жеткізіп, ең бастысы – жүрек жарды алғысымызды білдірдік. Дәл осы кісілердің еңбегінің арқасында бүгінгі ұжымымыз мақтан тұтатын еңбекқорлық, жауапкершілік және адалдық дәстүрлері қалыптасты.
Кездесу барысында жылы естеліктер айтылып, қолдау сөздері мен зор денсаулық, отбасы амандығы және қуаныш тілектері жолданды. Бұл сәттер қадірлі ардагерлеріміз үшін ғана емес, біз үшін де ұрпақтар сабақтастығы мен адамгершілік байланысының маңызын еске салған ерекше оқиға болды.
Барлық зейнеткерлерді мерекемен құттықтаймыз, Сіздердің еңбектеріңізге, жүректеріңізге және даналықтарыңызға алғысымыз шексіз!