Қарттар күні – алғыс пен құрметтің мерекесі

Қарттар күні – алғыс пен құрметтің мерекесі

1 қазан күні, Қарттар күніне орай ауданы мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова Жамбыл аудан әкімі А.Б. Бектасовпен, аудан әкімінің орынбасары Э.С. Шумековпен және ардагерлер кеңесінің төрайымы Н.Г. Бородавкомен бірге еңбек ардагері Ерғали Бекімұлы Сарбаевты құттықтады.

Ерғали Бекімұлы ауданымызда 40 жылдан астам еңбек етіп, соның ішінде шамамен 15 жылын аудан әкімі аппаратындағы мемлекеттік қызметке арнаған. Оның еңбекқорлығы, жауапкершілігі мен ісіне адалдығы жас ұрпаққа үлгі боларлық қасиет.

Жылы жүздесу барысында Ерғали Бекімұлы еңбек жолындағы естеліктерімен бөлісті. Оның атына көп жылдық адал еңбегі үшін шынайы алғыс айтылып, денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілектері жеткізілді.

Барлық қазыналы қарияларды мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Аудан өміріне қосып отырған еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіз үшін алғыс айтамыз.