2025 жылғы 19 қыркүйекте Жамбыл ауданы мәслихатының отырыс залында аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен мәслихаттың кезекті 32 сессиясы өтті.
Депутаттардың кворумы сессия жұмысын бастауға мүмкіндік берді. Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.
Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов, аудан мәслихатының депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Аудандық бюджетті нақтылау мәселесі алдын ала Қоғамдық кеңестің отырысында қаралды, 13 ауылдық округтің бюджеттерін нақтылау ауылдық округтердің жергілікті қауымдастық жиналыстарында келісілді және мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында талқыланды.
Бірінші мәселе бойынша – Жамбыл ауданы әкімдігінің сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі атқарған жұмыстар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер жөнінде аудан әкімінің орынбасары Р.Б. Аюпов баяндама жасады.
Одан әрі сессия барысында депутаттар Жамбыл ауданының өңірлік рәміздерін, аудандық бюджетті нақтылауды және 13 ауылдық округтің бюджеттерін нақтылауды қарастырып, бекітті. Кадрлық өзгерістерге байланысты сайлау комиссиялары мен аудан әкімі аппараты жанындағы комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де мақұлданды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.