
2025 жылғы 17 қыркүйекте мәслихаттың мәжіліс залында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысты Қоғамдық кеңестің төрағасы Садыков Р.С. жүргізді, аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова қатысты.
Жиынға Қоғамдық кеңес мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары және бұқаралық ақпарат құралының өкілі қатысты.
Отырыста мәслихаттың шешімдерінің жобалары қаралып, олар бойынша Қоғамдық кеңес өз ұсынымдарын берді:
1️. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.
Баяндама жасаған – Жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Б. Ғабдуллин.
2️. Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 5 мамырдағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған Жамбыл ауданының бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Ақпарат берген – Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Ғ.А. Қожанова.
Қоғамдық кеңес өз кеңесші-консультативтік функциясын орындай отырып, бұл мәселелерді уақытылы қараудың маңыздылығын атап өтті және тиісті ұсынымдар қабылдады.