Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Лариса Топорова Солтүстік
Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сәуле Сұрағановамен бірге
«Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқан
Пресновка ауылының нысандарын аралады.
Бағдарлама ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және
ауылдардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жамбыл аудандық ауруханасында ауқымды жөндеу жұмыстары аяқталуға
жақын:
жылу трассасы мен сумен жабдықтау жүйесіне күрделі жөндеу жүргізілуде
(мердігер – «Лидер Story Групп» ЖШС, сомасы – 20 033,199 мың тг);
аурухананың негізгі корпусының 1–3 қабатында желдету жүйесіне күрделі
жөндеу.
Кожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектепте «Стройдизайн»
ЖШС мердігері келесі жұмыстарды атқарды:
145 терезе толық ауыстырылды – 100%; шатыр – 1617 м² – 100%; кіреберіс
бөлігі – 75%; цоколь – 70%; отмостка – 100%.
Сондай-ақ депутаттар жұмыс істеп тұрған мектеп-интернатты аралап,
аяқталған күрделі жөндеу нәтижелерімен танысты.
Сонымен қатар депутаттар Пресновка ауылындағы балалар ойын алаңымен,
жоғары вольтты электр желілерінің құрылысы және орнатылық алаңды
абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Депутаттар барлық жұмыстардың сапасын қатаң бақылауда ұстау мен уақтылы
аяқтаудың маңыздылығын атап өтті.