2025 жылғы 6 тамызда Әдеп жөніндегі уәкіл, Жамбыл ауданы мәслихат
аппаратының басшысы Гүлбаршын Жаңбыршина аппарат қызметкерлерімен
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне өзгерістер енгізу бойынша
семинар өткізді.
Салық кодексіндегі негізгі өзгерістер түсіндірілді.
Қолдану тетіктері бойынша нақты мысалдар қаралды.
Қатысушылар белсенді талқылауға қатысты.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын
арттыруға және қызметтік міндеттерін сапалы орындауға ықпал етеді.