2025 жылғы 7 тамызда Жамбыл ауданы мәслихаты аппаратының қызметкерлері
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткізілген
«Таза бейсенбі» сенбілігіне қатысты.
Сенбілік мәслихат аппаратына бекітілген Ульяна Громова көшесінде өтті.
Акция барысында тұрмыстық қоқыс жиналып, жол жиегі мен аумақ тазаланып,
көркейту жұмыстары жүргізілді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін
арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сонымен
қатар, туған өлкеміздің тазалығын сақтау мақсатында тұрғындарды біріктіреді.
Мәслихат аппараты экологиялық акцияларға тұрақты түрде қатысып, аудан
аумағын абаттандыру мен көгалдандыруға өз үлесін қосуда.
Жамбыл ауданының тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға белсене қатысуға,
тазалықты сақтауға және табиғатты аялауға шақырамыз!
*******