Бүгін, 2025 жылғы 6 тамызда, партиялық бақылау комиссиясының жұмысы аясында Пресновка ауылындағы нысанға Жамбыл ауданы мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Р.С. Садықов және «AMANAT» партиясының аудандық филиалының төрағасы В.И. Волков барды.
Қожаберген жырау атындағы мектепте шатырды ауыстыру жұмыстары толық аяқталды. Қазіргі уақытта терезе блоктарын ауыстыру және ғимараттың кіреберіс бөлігін жөндеу жұмыстары жалғасуда.
Партиялық бақылаудағы нысандарға мониторинг жүйелі түрде жүргізіледі. Бұл – білім беру саласындағы жөндеу және құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған шара.
Білім беру инфрақұрылымын дамыту мәселелері мәслихат депутаттарының, қоғамдық кеңестің және «AMANAT» партиясының ерекше бақылауында.
*******