Пресноредуть ауылында күрделі жөндеуден кейін заманауи мәдени-
демалыс орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Жамбыл
ауданы мәслихатының төрайымы Л.В Топорова қатысты.
Аудан әкімі А.Б. Бектасов ауыл тұрғындарын маңызды оқиғамен
құттықтап, жаңартылған мәдени ошақтың шығармашылық, мәдени
шаралар мен қоғамдық белсенділікке арналған тартымды орын
болатынын атап өтті.
Шара барысында Лариса Викторовна мәслихаттың 8-ші шақырылым
депутаттар корпусының атынан мәдени-демалыс орталығына теледидар
табыстады. Бұл — ауылдағы мәдени бастамалар мен қоғамдық өмірді
қолдауға арналған сыйлық.
Жаңартылған ғимаратта бірқатар маңызды нысандар орналасқан:
Пресноредуть ауылдық округі әкімінің аппараты, учаскелік полиция
пункті, кең акт залы мен заманауи жаттығу залы. Бұл ауыл
тұрғындарының жайлы, мазмұнды әрі қауіпсіз өмір сүруіне барлық
жағдайдың жасалғанын көрсетеді.
Салтанатты іс-шараның шырайын аудандық мәдениет үйінің әртістері
аша түсті. Концерттік бағдарлама көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен
жылы атмосфера сыйлады.
Орталықтың ашылуы — Жамбыл ауданының әлеуметтік
инфрақұрылымын дамыту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды.
*******