Құқықтық білім алу

Құқықтық білім алу
Жамбыл ауданының мәслихат аппаратының этика жөніндегі уәкілі К.Қ.
Жаңбыршина бас маман Г.К. Молдағалиевамен бірге нормативтік құқықтық
актілер бойынша құқықтық оқыту өткізді.
Мәслихат қабылдайтын, Қазақстан Республикасы Әділет органдарында
мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің
ерекшеліктері талқыланды.
Сонымен қатар қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер мен оларға
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы жан-жақты түсініктемелер
берілді.
Мұндай іс-шаралар – қызметшілердің заңнамалық білімін арттырып, тиімді
жұмыс жүргізуге жол ашады.
Жергілікті басқаруда заң талаптарын білу – әр мемлекеттік қызметшінің
міндеті!