Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Бүгін, 2025 жылғы 10 маусымда Жамбыл аудан мәслихатының отырыс залында аудан мәслихатының төрайымы Л.В.Топорованың төрағалығымен мәслихаттың кезекті 31-сессиясы өтті.

Депутаттардың кворумы сессия жұмысын бастауға мүмкіндік берді. Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Нұрбек Мұратұлы Сапаров, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Тимур Қабдешұлы Тұрсынов, Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Сәуле Қуандыққызы Сұрағанова, ауылдық округтердің депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысында 2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы мәселе алдын ала қаралып, 13 ауылдық округтің 2024 жылғы бюджеттерінің орындалуы туралы есептері ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиындарында келісіліп, мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында талқыланды.

2024 жылғы аудандық бюджеттің орындалуы туралы бірінші сұрағы бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.С. Молдағалиев хабарлады.

Жамбыл ауданының 2024 жылғы жергілікті бюджеттерінің орындалуы туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының есебі бойынша ақпаратты Тексеру комиссиясының мүшесі Т.Қ.Тұрсынов, сондай-ақ мәслихаттың экономика, экология, бюджет, салық және қаржы салаларының мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Ж.Б. Бекенова сөз сөйледі.

Әрі қарай аудан мәслихатының Регламентіне сәйкес әрбір жобаға жеке дауыс бере отырып, депутаттар 13 ауылдық округтің 2024 жылғы бюджеттерінің атқарылуы туралы есептерін қарастырды және бекітті. 

Сонымен қатар депутаттар 2025-2027 жылға арналған аудандық бюджетіне өзгерістер мен толықтырулар енгізді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларына өзгерістер енгізді, Жамбыл ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекітті, кадрлық өзгерістерге байланысты  учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгеріс енгізді жәнғе үшінші тоқсанға Жамбыл ауданы мәслихаты кезекті сессиясының күн тәртібін бекітті.

Келесі кезекте Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты С.Қ. Сұрағанова сөз сөйлеп, аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің назарын аудан бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының нормаларына қатаң сәйкестікте сапалы жоспарлау мен орындауға аударды.

Өткен жылғы бюджеттің орындалуының қорытындысын шығарған аудан әкімінің экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Н.М.Сапаров аудандық бюджетті және ауылдық округтер бюджеттерін сапалы жоспарлау жұмыстарын жалғастыру туралы айтты.

Барлық қарастырылған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды. Мәслихаттың кезекті сессиясы аяқталды.