2025 жылғы 10 маусымда Жамбыл ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтіп, оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В.Топорова қатысты.
Тұрақты комиссиялар мүшелерімен келесі сұрақтар қарастырылды:
2024 жылғы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аудандық бюджетінің және 13 ауылдық округтер бюджеттерінің орындалуы туралы есептерін бекіту туралы.
«Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Преснов ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 6 наурыздағы № 26/9 шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы бойынша 2025 жылға арналған кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төмен мөлшерін бекіту туралы;
«Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 11/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Нәтижесінде барлық қаралған мәселелер Жамбыл ауданы мәслихатының сессиясының қарауына және бекітуіне жолданды.