Депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы

Депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы

Ағымдағы жылғы 22 мамырда мәслихаттың отырыс залында тұрақты комисссияның төрағасы В.И. Волковтың төрағалығымен депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті. Оған аудан мәслихатының төрайымы Л.В. Топорова, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Р.Б. Аюпов, Преснов ауылдық округінің әкімі Қ.С. Сансызбаев,  Преснов ауылдық округі әкімінің орынбасары Ю.А. Пастухов, Сәулет, құрылыс тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Н.С. Әленов, Жамбыл ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Жолтаев Б.Т. и қоғам өкілдері қатысты.

Тұрақты комиссия мүшелерімен келесі сұрақ қарастырылды:

Қоқыс тастайтын жерді күтіп ұстау және абаттандыру..

Преснов ауылдық округінің әкімі Қайрат Сайлаубайұлы Сансызбаев сөз сөйледі.

Депутаттар қойған сұрақтар Преснов ауылдық округі әкімінің бақылауына алынады.

Жоғарыда аталған мәселені талқылай келе, тұрақты комиссия тиісті ұынымдарды берді.