«АҚТЕРЕК» ЛАГЕРІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
2025 жылдың 9 сәуірінде аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралып, «Ақтерек» жазғы сауықтыру лагерінің материалдық-техникалық жағдайын зерделеу жүргізілді. Зерделеу жұмыстарына аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов, аудандық білім бөлімінің, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары қатысты.
Лагерьдің жай-күйімен танысу барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Т.Садықов хабарлама жасап, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға байланысты атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді де атап өтті.
Зерделеу жұмыстарынан кейін аудандық мәслихаттың мәжіліс залында болған комиссия отырысын аудандық мәслихаттың төрағасы Ө.Елеусінов жүргізіп отырды.
«Ақтерек» жазғы сауықтыру лагерінің санитарлық-техникалық жағдайы туралы Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Г.Айымбетова баяндады.
Мәслихат депутаттары лагерьдің материалдық-техникалық жағдайына байланысты өз пікірлерімен бөлісіп, жаңа ғимарат салу қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, баяндамада айтылған ұсыныстарды ескеріп, тиісті жұмыстардың атқарылуын сұрады. Аудандық білім бөлімінің басшысы қойылған сұрақтарға жауап беріп, біршама ұсыныстардың орындалу мүмкіндігін жеткізді.
Отырысты аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов қорытындылап, берілген ұсыныстардың тиісті мекемелерге жолданатынын айтты.