ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

2025 жылдың 31 наурыз күні   аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Кеңес отырысын Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Құлмахан жүргізіп отырды.

Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов, кент әкімі, тиісті бөлім басшылары қатысты.

        Кеңес отырысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Аудандық құрылыс,   сәулет   және  қала құрылысы бөлімінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер және оның сапасын арттыру бағытында қабылданған шаралар туралы.
  2. Жалағаш кентінде көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстарын ұйымдастыру барысы туралы.
  3. 2024 жылға  арналған  аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Ә.Біржан бөлім арқылы көрсетілетін 5 мемлекеттік қызмет бойынша көрсетілген қызметтері мен қызмет сапасын арттыру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндады.  Жыл көлемінде 4 мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 643 өтініш түсіп, толығымен орындалған. Бас тарту, арыз-шағым болмаған. «Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет түрі бойынша өтініш түспеген.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов хабарламашыға Геопортал жүйесімен жүргізіліп жатқан жұмыстар және сол жүйе бойынша туындаған проблемалық мәселелер туралы сұрады.

Қоғамдық кеңес мүшелері тұрғындардың үй салып алғаннан кейінгі құжаттандыру мәселесі, басқа қаладан үй алуға байланысты өтініш беру, ауданда тұрғын үйлерін атына аудара алмай жүрген отбасыларының мәселелеріне байланысты сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Екінші мәселеге байланысты кент әкімі М.Жамалатов Жалағаш кентінде жүргізіліп жатқан көркейту-көғалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстары туралы баяндап, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Кеңес мүшелері Бұқарбай батыр көшесі бойына орнатылған аркалардың жарығы жартылай жанып қалғандығы туралы, аяқ су мәселесін ертерек қолға алып, каналдарды тазарту туралы  ұсыныстарын білдірді,  сарқынды су мен қоқыстардың төгіліп жатқан жерлеріне байланысты сұрақтарын қойды.

Қоғамдық кеңес төрағасы кеңесте құрылған «Өнеркәсіп, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, аграрлық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі комиссия төрағасы А.Тауыпбаевқа комиссия мүшелерімен бүінгі отырыста айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп, Қоғамдық кеңеске ұсынуды, мамыр айындағы отырыста осы мәселені қайта қарауды ұсынды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы баяндама жасады.

Кеңес мүшелері Аламесек ауылдық округіндегі ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту жұмыстарына қаралған қаржы туралы, Еңбек ауылындағы 3 көшені жөндеуге байланысты әзірленген ЖСҚ-ға түзету енгізу туралы, «Ақтерек-170 га» тұрғын үй секторының учаскесінде жаяу жүргіншілер тротуарына әзірленген ЖСҚ мерзімі туралы сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Қ.Құлмахан орталық стадионды жөндеуге байланысты ұсынысын айтып, бөлім басшысы Н.Маратқызынан осы мәселені зерделеуді ұсынды.

Қоғамдық кеңес жұмысын кеңес төрағасы Қ.Құлмахан қорытындылады.