ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

                            ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ АЛҒАШҚЫ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2025 жылдың 27 ақпан күні   аудандық Қоғамдық кеңестің жаңа құрамымен алғашқы отырыс өткізілді. Кеңес отырысын қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы С.Алиев ашты.

Отырысқа кеңес мүшелерімен қатар аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов, аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сулейменов, жұмысшы топ мүшелері мен мәслихат аппаратының қызметкерлері, тиісті бөлім басшылары қатысты.

Кеңес мүшелерін сайлау қорытындысымен таныстырған жұмыс тобының басшысы С.Алиев Қоғамдық кеңестің жаңа құрамының жұмысына сәттілік тілеп, кеңес мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табыстауға мәслихат төрағасы Ө.Елеусіновке сөз берді.

Аудандық мәслихат төрағасы Қоғамдық кеңес жұмысының маңыздылығын атап өтіп, кеңес мүшелеріне куәліктер мен төсбелгілер табыстады.

Бұдан кейін, кеңес мүшесі Ө.Амановпен Қоғамдық кеңес төрағалығына Құлмахан Қожатай Қожақұлының кандидатурасы ұсынылып, кеңес мүшелері келісім берді. 

Кеңес мүшелерінің бірауыздан жақтап дауыс беруімен сайланған Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Құлмахан кеңес отырысын ары қарай жүргізіп отырды.

           Кеңес отырысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесі туралы ережені бекіту.
  2. Қоғамдық кеңестің комиссияларын құрып, олардың төрағалары мен мүшелерін сайлау.
  3. Қоғамдық кеңестің төралқасын сайлау.
  4. Қоғамдық кеңестің бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
  5. «Жалағаш ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешімінің жобасына келісім беру.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының әзірлеген ереже жобасы қарауға ұсынылып, ұсынылған ереже кеңес мүшелерімен бірауыздан бекітілді.

Екінші мәселеге байланысты мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова Қоғамдық кеңесте 2 комиссия құруды ұсынды. 1. «Қаржы, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық тәртіп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері» жөніндегі комиссия төрағалығына Б.Ибраеваның кандидатурасы ұсынылды.

  1. «Өнеркәсіп, құрылыс, коммуналдық шаруашылық, аграрлық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі комиссия төрағалығына А.Тәуіпбаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Кеңес мүшелері екі комиссия төрағалығы мен комиссия мүшелігіне ұсынылған кандидатураларға бірауыздан келісімдерін берді.

Үшінші мәселеге байланысты Қоғамдық кеңестің қызметіне басшылықты жедел жүзеге асыру үшін Қоғамдық кеңес төралқасы құрылды. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес «Төралқаның құрамына Қоғамдық кеңестің төрағасы, мемлекеттік органның өкілі, Қоғамдық кеңес комиссияларының төрағалары, жекелеген мүшелері кіреді»- делінген. Аталған Заңның талаптарына сәйкес, Қоғамдық кеңес төралқасының құрамы Қ.Құлмахан, А.Тәуіпбаев, Б.Ибраева, Ж.Еспенбет болып бекітілді.  

Төртінші мәселеге байланысты Жалағаш ауданының Қоғамдық кеңесінің 2025 жылдың 1-жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарының жобасы кеңес мүшелерімен талқыланып, айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріле отырып, бекітілді.

Бесінші мәселеге байланысты аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының міндетін атқарушы Б.Нұрмаханов хабарлама жасап, кеңес мүшелері тарапынан қолдау тапты.

Қоғамдық кеңес жұмысын кеңес төрағасы Қ.Құлмахан қорытындылады.