КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

       КЕЗЕКТІ СЕССИЯДА  ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖАЙЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

     2025 жылдың  26 ақпанында  Жалағаш  аудандық  мәслихатының  кезекті 29-сессия отырысы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов ашып, жүргізіп отырды.

   Сессия отырысында келесі  мәселелер  қаралды:

1) 2024 жылы ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының жайы және алдағы міндеттер туралы.

2)  2025 жылға  арналған  әлеуметтік  қолдау шараларын  көрсету  туралы.

3)  Қылмыстық жазаларды және өзге де  қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Жалағаш ауданы әкімдігінің жанындағы     консультациялық-кеңесші органның есебі  туралы.

4)  Аудандық  жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.

5) «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 28-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6)  «Жалағаш  аудандық  мәслихатының  тұрақты комиссияларының құрамын бекіту туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы  №1-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн  тәртібіндегі  бірінші  мәселеге байланысты Жалағаш аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің сектор меңгерушісі Н.Байымбет баяндама жасады.

Аудан бойынша  2024 жылы жеке тұрғындар салған 28 919 шаршы метрді құрайтын 181 үй дербес қабылдау актілері арқылы пайдалануға қабылданған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 39,8 пайызға артқан.

2024 жылы  аудан  көлемінде салынып, пайдалануға қабылданған 49 нысанның пайдалануға қабылдау актілері аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы есепке алынған.

Өткен жылдан бастап пайдалануға қабылданған нысандарды мердігерлер пайдалану актілерімен бірге мемлекеттік қала құрылысы кадастрына тіркеу схемасымен өткізілуде. Сонымен қатар, 2024 жылы аудан көлеміндегі жер үсті, жер асты инженерлік желілерге облыстық «Госградкадастр» мекемесі арқылы түгендеу жұмыстары жүргізіліп, қала кадастрі жүйесіне тіркеу жұмыстары жүргізілді.

2025 жылы бөлім арқылы аудандық бюджеттен 100,0 мың теңгеден бөлінген қаржыға Есет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесін қайта жаңғырту, «Жалағаш кенті емдеу мекемелерінің  кәріздік құрылыстарын салу» жобалары бойынша мердігерлер анықталып, республикалық бюджеттен қаржылары күтілуде. Аққыр елді мекенінде «Қазақстан халқына» қоры арқылы 172,0 млн. теңгеге салынып жатқан жедел тұрғызылатын спорт кешені құрылысы алдымыздағы  наурыз айында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, Аққыр елді мекенінде дене шынықтыру алаңы құрылысына 16,5 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілген. Мердігер «Зәулім шың» ЖШС мекемесі.

Мемлекет тарапынан әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдау шаралары белгіленген. Соның бір саласы осы топтағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта  2024 жылы осы топтағы азаматтар үшін 1629,4 млн. теңгеге 111 пәтер сатып алынды. Қазіргі таңда сатып алынған тұрғын үйлердің ағаш қоршаулары темір қоршауларға ауыстырылып, тұрғын  үйге кіреберіс  жерлерге брусчаткалар төсеу, козерогтар орнату жұмыстары жүргізілуде.

Депутаттар Г.Курманбаева, Ғ.Дүйсекбаев, Ө.Елеусінов құрылыс нысандарының тиісті мекемелердің теңгеріміне берілмеу себептері, кент орталығының Бас жоспарының қабылдануына байланысты, электр желілерінің үш ауылда іске қосылуы туралы, осал топтағы азаматтарға арналған тұрғын үй қаржысының игерілуі туралы, кәріз жүйесін салуға қаржыландыру мәселесі туралы сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын айтты.

Баяндамаға байланысты мәселені талқылау бойынша мәслихат депутаты Қ.Досымов сөз алып, аудан көлемінде жүргізілген құрылыс нысандарының маңыздылығына тоқталып, аудан басшылығына алғысын жеткізді.

Екінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Б.Байболовтың хабарламасы тыңдалды.

 2025 жылға ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне (басшылық  лауазымдарды  атқаратын  адамдарды  қоспағанда) көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (393,2 мың теңге) және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін кент орталығына келген мамандар үшін 2500 АЕК (9830,0 мың теңге), ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2000 АЕК (7864,0 мың теңге)-бюджеттік кредит  берілетін болады.

Бұл мақсатқа биылғы жылы 40 маманға 15,7 млн. теңге көтерме жәрдемақыға, 35 маманға 320,4 млн. теңге тұрғын үй сатып алуға қаржы қаралған.

Үшінші мәселе бойынша аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Бөлембаев хабарлама жасады.

Есепті кезеңге аудан бойынша жаза өтеу орындарынан босатылған және аудандық  пробация қызметінде есепте тұрған  азаматтардың саны-54, оның ішінде 48 пробация қызметінде және 6 полиция бөлімінде есепке алынған. 2024 жылы «Мансап» орталығына «жұмыс іздеуші» ретінде 28 адам тіркеліп,  17-і тұрақты  жұмысқа  орналастырылған,  қоғамдық  жұмысқа-8, жастар практикасына- 1, «Күміс жас» жобасы бойынша-1  және 3 айлық кәсіптік оқуға 1 адам жолданған.

«Қызылорда  облысының  2024 жылға арналған  әлеуметтік  саласы бойынша квоталар белгілеу туралы» 2023 жылғы  29 желтоқсандағы №235 қаулысына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 5 квота белгіленіп, толық орындалған.

3 адамға 27,0 мың  теңге көлемінде  азық-түліктей  көмек көрсетілген.15 айлық  есептік  көрсеткіш көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек 3 адамға 166,2 мың теңге  төленген.

2024 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында іске асырылатын жобаларға 1000,0 мың теңге қаралып, «Ұлы Орда күші» мүгедектер қоғамдық бірлестігімен жүзеге асырылған.

Төртінші мәселе бойынша аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Б.Байболов аудандық жер комиссиясының лауазымдық құрамы мен аудандық жер комиссиясы туралы ережені бекітуге ұсынды.

Бесінші  мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы хабарлама жасады.

Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы негізінде  облыстық бюджеттен 38 123,2 мың теңге  нысаналы  даму трансферті «Аламесек ауылдық округі, Есет батыр елді мекеніне ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту» жобасын қоса қаржыландыруға бағытталды;

Сондай-ақ, пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттер 2024 жыл қорытындысымен қалыптасқан бос қалдық есебінен 33 097,0 мың теңге облыстық бюджетке қайтарылады.

 2024 жыл қорытындысымен қалыптасқан бос қалдық 12 896,7 мың теңге қаржының 12 744,7 мың теңгесі Аққыр елді мекеніндегі  Ы.Ақмырзаев, Ш Есов, М.Ахметов, Аққыр, Н.Тәспенов көшелерін күрделі жөндеуге бағытталады;

-«Бюджеттік  кредиттердің  сомаларын қайтару» бюджеттік бағдарламасына 2,0  мың теңге облыстық  бюджетке қайтарылады.

Алтыншы мәселе бойынша аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Т.Сарбалаев аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына енгізілетін өзгеріс туралы баяндады.

Кезекті сессияның күн тәртібіне ұсынылған мәселелер толығымен қаралып, депутаттар тарапынан бекітуге келісім берілді.

Сессия соңында аудан әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов сөз алып, бүгінгі  мәслихаттың  кезекті  сессиясында  қаралған мәселелердің маңыздылығына тоқталып, ауданда атқарылған жұмыстарды және алдағы міндеттер, жобалар  туралы  айтып  өтті. Мәслихат депутаттарын аудан бюджетінің  өз кірістерін  көтеруге  атсалысуға  шақырды.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов қорытындылады.