АУДАННЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

АУДАННЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

 АУДАННЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

 2025 жылдың  25 желтоқсанында  Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 38-сессия отырысы өтті. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов ашып, жүргізіп отырды. Сессияға аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов, бөлім және мекеме басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1)  «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы  28-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2) 2026-2030 жылдарға арналған Жалағаш ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы.

3) «Учаскелік сайлау комиссияларын  сайлау  туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы  27 желтоқсандағы №13-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4) Аудандық жер комиссиясының  құрамын және комиссия туралы ережені бекіту туралы.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы хабарлама жасады.

        Хабарламашы Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» №130 шешімін іске асыру туралы» Қызылорда облысы  әкімдігінің 2024  жылғы 18 желтоқсандағы №195 қаулысына өзгерістер енгізу туралы  облыс әкімдігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №228 қаулысымен облыстық бюджеттен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттерге енгізілген өзгерістер туралы баяндады.

 

Екінші мәселе бойынша да аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы хабарлама жасады.

2026-2030 жылдарға арналған  Жалағаш ауданының даму жоспарының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы №790 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі» туралы қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2025 жылғы 1 желтоқсандағы №128 бұйрығына сәйкес әзірленген.

  Жаңа форматқа сәйкес әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған ауданның даму жоспарының жобасы 4 бөлімнен тұрады.

  Бірінші бөлім – бағдарламаның паспорты. Бұл бөлімде бағдарламаның атауы, ауданның негізгі сипаттамалары, бағдарламаның бағыттары мен мақсаттары, қажетті ресурстар қысқаша баяндалған.

  Екінші бөлім – ағымдағы жағдайды талдау бөлімі. Бұл бөлімде аудан экономикасы мен әлеуметтік жағдайының соңғы үш жыл 2022-2024 жылдар және 2025 жылдың 10 айындағы көрсеткіштеріне аналитикалық талдау жасалған.

  Үшінші бөлім – негізгі бағыттар, мақсаттар, негізгі ұлттық индикаторлар, міндеттер, нәтижелер көрсеткіштері және оларға қол жеткізу жолдары бөлімі.

  Төртінші бөлім – қойылған мақсаттарға қол жеткізуге қажетті ресурстар. Бөлімде даму жоспары бойынша алға қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстар қаржыландыру көздері бойынша көрсетілген. Қаржыландыру көздері республикалық бюджеттен, жергілікті бюджеттен және басқа да көздер бөлінісінде алынған.

 

Үшінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың сайлау комиссияларын қалыптастыру жөніндегі жұмысшы топ мүшесі, аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы  Э.Құттымбетова «Учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №13-2 шешіміне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Төртінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы  А.Дәрібаев аудандық жер комиссиясының ережесі мен лауазымдық құрамын бекітуге ұсынды.

Күн тәртібіне ұсынылған мәселелер бірауыздан депутаттармен бекітілді.

Отырыстың соңында аудан әкімінің орынбасары Ә.Байнахатов сөз алып, бүгінгі сессияға ұсынылып отырған мәселелерге, оның ішінде ауданның даму жоспарын бекіту мен  бюджетті нақтылауға байланысты қолдау білдіргендері үшін депутаттарға алғысын білдірді.

Сессия жұмысын аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов қорытындылады.