ҮШ ЖЫЛДЫҚ БЮДЖЕТ БЕКІТІЛДІ

ҮШ  ЖЫЛДЫҚ  БЮДЖЕТ  БЕКІТІЛДІ

                           ҮШ  ЖЫЛДЫҚ  БЮДЖЕТ  БЕКІТІЛДІ

 Ағымдағы жылдың жылдың 19 желтоқсан күні аудандық мәслихаттың кезекті сессия отырысы  өтті. Сессия отырысына аудан әкімі А.Ибраимов, Қазақстанның Еңбек Ері И.Шағыртаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Алиев, облыстық мәслихат депутаты Ә.Шаймағамбетов, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Қ.Құлмахан, мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары,  кент және ауылдық округ әкімдері және арнайы шақырылған  сала басшылары қатысты.

Сессия отырысын мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов ашып жүргізді.

Сессияның күн тәртібіне 7 мәселе ұсынылып, қаралды:

  1. Аудан әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі.
  2. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджетті бекіту туралы.
  3. 2026-2028 жылдарға арналған Жалағаш кентінің және ауылдық округтердің бюджеттері туралы.
  4. Жалағаш аудандық мәслихат төрағасының есебі.
  5. Жалағаш аудандық мәслихатының  2026 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған жұмыс  жоспарын  бекіту туралы.
  6. 2026 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы.
  7. Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы.

         Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудан әкімі А.Ибраимов баяндама жасады.

Жалағаш ауданы барлық бағыттар бойынша өсу динамикасын жалғастырып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі әлеуметтік-экономикалық даму индикаторларына қол жеткізілген.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 15,3 пайызға артып, 34 млрд. 486 млн. теңгенің өнімі өндірілген.

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі  8,3 пайызға артып 17 млрд. 898,2 млн. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 33 млрд. 095,8 млн. теңгені құрап, 101,3 пайызға орындалған.

Тұрғын үй көлемі 18 443,0 шаршы метр болатын 113 жеке тұрғын үй пайдалануға берілген.

Бөлшек сауда көлемі 3 млрд.443,8 млн. теңге болып,   100,2 пайызға орындалған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 109,8 пайызға орындалып,          9 млрд 561,0 млн теңгені құраған.

2025 жылға бекітілген аудан бюджеті 9,3 млрд. теңге көлемінде қалыптасып, жыл көлемінде 10,5 млрд. теңгеге нақтыланған.

Оның ішінде, жергілікті кірістер болжамы 2,4 млрд. теңге, субвенция 4,5 млрд. теңге, трансферттер 2,2 млрд. теңге, бюджеттік кредиттер 1,2 млрд. теңге.

Аудан бойынша 2025 жылға бюджеттен 2,1 млрд. теңге бөлініп, 15 жоба іске асырылуда. Аудандық маңызы бар жолмен ішкі көшелерді жөндеу бойынша 2,0 млрд. теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылуда.

 

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен 44,1 млн. теңгеге  5 жоба жүзеге асырылған. Бүгінгі күнге аудан бойынша жалпы құны 20,3 млрд. теңгені құрайтын 48 нысанның жоба-сметалық құжаттары дайындалып, республикалық және облыстық бюджеттен қаржыландыру үшін тиісті салалық басқармаларға бюджеттік өтінім тапсырылған.

2025 жылы кәсіпкерлік саласына қаржы институттары арқылы            3,2 млрд. теңге тартылып, 238 жоба қаржыландырылған.

2025 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес барлығы 36 712 гектар жерге егіс орналастырылып, оның 19 357 гектарына күріш дақылы егіліп, әр гектарынан  60,1 центнерден, барлығы 116 331 тн өнім қамбаға құйылған.

Аудан шаруашылықтары тарапынан 2025 жылы 1,1 млрд. теңгеге 21 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынған.

Биылғы жылдың егін жинау қорытындысымен ауданымыз облыста «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясын иеленді.

Бүгінде аудан халқының 51,5 пайызы көгілдір отынның игілігін көріп отыр. Қаракеткен, Далдабай, Бұқарбай батыр елді мекендерін газдандыру жұмыстарына демеушілік есебінен жобалау-сметалық құжаттар әзірленген.

Аудан әкімінің есепті баяндамасына байланысты аудандық мәслихат депутаты Ғ.Дүйсекбаев атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, атқарылған жұмыстарды атап өтті.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы баяндады.

2026-2028 жылдарға арналған бюджетіне байланысты  «Экономикалық даму, қаржы және бюджет мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Г.Құрманбаева қорытынды баяндама жасады. Үш жылдық бюджет жобасына жан-жақты талқылау жасай келе, шешім жобасын сессияның бекітуіне ұсынды.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселеге байланысты байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы «2026-2028 жылдарға арналған Жалағаш кентінің және ауылдық округтерінің бюджеттері туралы хабарлама жасады.

2026 жылға  арналған кент, ауылдық округтердің бюджет жобасы  1803 млн.  теңге. Оның ішінде, субвенция  1454,6 млн. теңге,  өз  кірістері 348,4 млн. теңге.

2027 жылға  1852,5 млн. теңге. Оның ішінде, субвенция  1504,2 млн. теңге,  өз  кірістері 348,4 млн. теңге.

 2028 жылға   1832,0 млн. теңге. Оның ішінде, субвенция  1483,6 млн. теңге,  өз  кірістері 348,4 млн. теңге.

Төртінші мәселеге байланысты аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов есепті жылы атқарылған жұмыстар туралы депутаттар алдындағы есебін баяндады.

Есепті мерзім ішінде мәслихат 4-кезекті, 5-кезектен тыс, барлығы 9 сессия өткізді. Өткізілген сессияларда барлығы 88 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.  Оның ішінде 35-і нормативтік құқықтық актілер.

Кезекті сессиялар мен мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырыстарында қаралған негізгі мәселелер мен депутаттар тарапынан берілген ұсыныстар туралы, депутаттармен жүргізілген зерделеу жұмыстары туралы баяндаған мәслихат төрағасы алдағы уақытта да депутаттардың атқарушы билікпен бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді.

Бесінші мәселеге байланысты мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов аудандық мәслихаттың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

Алтыншы мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Дәрібаевтың  хабарламасы мәслихаттың бірлескен комиссияларының тұрақты комиссия отырысында жан-жақты талқылануына байланысты, сессияда бірауыздан  бекітілді.

Жетінші мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-құқықтық бөлімінің басшысы Э.Құттымбетова Жалағаш аудандық мәслихатының күші жойылды деп тануға  жататын шешімдерімен таныстырды. 

Сессия отырысында сөз алған аудан әкімі А.Ибраимов депутаттарға үш жылдық бюджетті бекітуге қолдау білдіргендері үшін алғысын білдіріп,  жыл көлемінде жасалған жұмыстар депутаттармен бірлесіп атқарған жұмыстардың жемісі екендігін, алда тұрған ауқымды жұмыстар мен міндеттерді бірлесе атқаруға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаты Ә.Шаймағамбетов аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға жақсы баға беріп, облыстық бюджеттің негізгі көрсеткіштері мен цифрландыру жұмыстарының бағытына тоқталды.

Сессия жұмысын қорытындылаған аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов  үш жылдық бюджеттің бекітілуімен құттықтап, алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне байланысты тілек білдірді.