ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 13 қараша күні аудандық Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді. Кеңес отырысын Қоғамдық кеңес төрағасының міндетін атқарушы Б.Ибраева жүргізіп отырды.
Кеңес отырысында келесі мәселе қаралды:
«2022-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №28-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Жалағаш аудандық мәслихатының шешім жобасын талқылау.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасаған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы Қызылорда облысының қаулыларына сәйкес қысқартылатын қаржылар мен бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен үнемделген қаржылар туралы баяндады. Сонымен қатар, Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 11 қарашадағы №195 шешімімен облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінгендігін айтты. Бұл қаржыларға жыл аяғына дейін Қаракеткен және Далдабай ауылдарындағы 16 көшені күрделі жөндеу жұмыстары мен Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі көшелерде автомобиль жолын салу жұмыстары аяқталады.
Қоғамдық кеңес мүшелері Б.Ибраева, Ғ.Дүйсекбаев, С.Айдынбай қысқартылатын қаржылардың себептері, олардың ЖСҚ мерзімдері, инватаксиге үшінші көлікке қаржы бөлу мүмкіндігі туралы сұрақтарын байланысты, бөлім басшысы Н.Маратқызы жауаптарын берді.
Нәтижесінде, Қоғамдық кеңес мүшелері шешім жобасына бірауыздан келісімдерін берді.
Қоғамдық кеңес жұмысын Б.Ибраева қорытындылап, алда келе жатқан 15 қараша – Ұлттық валюта және қаржыгерлер күні мерекесімен құттықтады.