Қызылорда облыстық мәслихатының «Экология, өндіріс, шаруашылық және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссия мүшелері аудандардағы әлеуметтік нысандардың жылу маусымына дайындық барысымен танысуда.
Осы мәселеге байланысты ағымдағы жылдың 8 қыркүйегінде облыстық мәслихат депутаттары Ж.Нұрымбетов, Ж.Ысқақ, Б.Сандыбаев, Қ.Сақтағанов, С.Мұстафаев тиісті сала мамандарымен бірге жұмыс сапарымен Жалағаш ауданында болды.
Тұрақты комиссия мүшелерімен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ө.Елеусінов, аудан әкімінің орынбасары А.Дәрмағанбетов, аудан бойынша білім бөлімінің басшысы Т.Садықов нысандарды аралады.
Сапар барысында облыстық мәслихат депутаттары мектеп, балабақша, спорт нысандарының жылыту маусымына дайындық жұмыстарының жәй-күйімен танысып, берілген ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.